Ақмола облысы білім басқармасының «Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, №19 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Кабинет психолого -  педагогической коррекции №19, село Егиндыколь, Егиндыкольский район» управления образования Акмолинской области

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы оңалту орталықтарымен, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Осы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
     2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

     3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) басталуы үшін Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізімге сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасын ұсыну негіз болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылды) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 минут:
      1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және қарастыру, ата-аналардың (өзге заңды өкілдерінің) өтінішін медициналық статисттің алдын ала жазылу журналына жазу арқылы түзету көмегін алу үшін кезекке қою;
      2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің арасында психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсы бойынша келісім-шарт жасасу;
      3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларды күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан өтеді;
      4 - іс-қимыл – мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылған анықтама беріледі.
     6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      бірінші іс-қимылдың нәтижесі, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және қарастыру, ата-аналардың (өзге заңды өкілдерінің) өтінішін медициналық статисттің алдын ала жазылу журналына жазу арқылы түзету көмегін алу үшін кезекке қою;
      екінші іс-қимылдың нәтижесі, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің арасында психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсы бойынша келісім-шарт жасасу;
      үшінші іс-қимылдың нәтижесі, мемлекеттік қызметті беруші келісім-шарт жасалғаннан кейін, мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан өтеді;
      төртінші іс-қимылдың нәтижесі, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беріледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) оңалту орталық, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің медициналық статисі;
   2) оңалту орталық, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшысы;
    3) оңалту орталық, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандары.
   8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 минут:
   1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және қарастыру, ата-аналардың (өзге заңды өкілдерінің) өтінішін медициналық статисттің алдын ала жазылу журналына тіркеп, қызметті көрсету туралы келісім-шарт бланкісін беру, көрсетілетін қызметті алушымен толтырылған келісім-шартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыру болып табылады;
     2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші басшы арасында келім-шарт жасасу;
     3) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсы – күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін өтеді;
      4) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беріледі.
      Әрбір құрылымдық-функционалдық бірліктің (бұдан әрі – ҚФБ) әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау уақытын көрсетумен Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

5. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
   10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.

Жаңартылған күні: 20.01.2020 15:15
Құрылған күні: 20.01.2020 16:49

Текст